Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда студент қыз ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп, қаза тапты

Алматыда студент қыз ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп, қаза тапты
Сурет: farabi.university
ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан студент секіріп кетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 30 шілде күні күндіз болған. Дереккөздердің мәліметінше, «Шығыстану» факультетінің «Түркология» мамандығында оқитын студенттің мұндай қадамға баруына қайта оқуға қалу немесе оқу ақысын төлеу мүмкіндігінің болмауы себеп болуы мүмкін.

Orda дереккөзі хабарлағандай, университет әкімшілігі оқиға туралы ақпараттың сыртқа таралмауы үшін қызметкерлердің телефонында фото немесе видео бар-жоғын тексерген. 

«Кешкі сағат 18:00-ге дейін ректораттың есігі ішкі жағынан жабылып, сырттан ешкім кіргізілген жоқ. Жұмысшылардың телефондарын да тексеріп жатты», – деді дереккөз. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, студенттің бұл әрекетіне отбасылық қиындықтар түрткі болуы ықтимал. 

«Бостандық ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады ведомство. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар