Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген балалардың кенжесі қайтыс болды

Павлодарда анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген балалардың кенжесі қайтыс болды
mknc.ru
Павлодардағы қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға түскен 1,5 жасар бала көз жұмды.

 Дәрігерлер баланың өмірі үшін барынша күресті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 30 шілдеде Павлодарда болды. Әйел 2024 және 2017 жылы туған екі баласын биіктіктен лақтырып жіберген. Зардап шеккендер ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

1 тамызда 1,5 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды.

"Күндіз, 1 тамызда 2024 жылы туылған баланың жағдайы өте ауыр және тұрақсыз болып қалды. Кешке қарай нашарлау байқалды. Сағат 20:10-да жүрегі тоқтап қалды. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді, 20:40-та биологиялық өлім жарияланды. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін дәрігерлер баланың жағдайы өте ауыр деп хабарлаған болатын. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды, сонымен қатар ота жасалды.

Ал екі баласын терезеден лақтырған павлодарлық 34 жастағы әйел, көршілерінің сөзінше, былтыр жалғыз өзі терезеден секірген.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар