Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы қыздың денесі табылды

Шымкентте жоғалып кеткен 26 жастағы қыздың денесі табылды
Сурет: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Шымкентте із-түссіз кеткен бойжеткен өлі табылды.

Шымкентте 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 26 жастағы Дияна Онғарбаеваның көз жұмғаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат еріктілердің желідегі парақшасында пайда болды. Шымкент ПД кісі өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталған. Ол тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүріп жатыр", - деп мәлім етті ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Полиция департаментіндегілер жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар