Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Барлық терезе мен есікті мықтап жабыңыз»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Барлық терезе мен есікті мықтап жабыңыз»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: РИА новости
Еліміздің кейбір өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады.

Найзағай кезінде үй ішінде мыналарды жасау маңызды:

  • Барлық терезе мен есікті мықтап жабыңыз;
  • Электр құралдарын желіден ажыратыңыз;
  • Розетка мен антеннадан қашықта болыңыз.

Егер сіз найзағай кезінде сыртта жүрген болсаңыз, келесі кеңестерді ұстаныңыз:

  • Ғимарат ішіне немесе көлікке кіріп паналаңыз;
  • Ағаштың немесе металл шатырлардың астында тұруға болмайды;
  • Мотоцикл немесе велосипедтен түсіңіз;
  • Қолшатыр қолданбаңыз;
  • Мобильді телефонды сөмкеге салып қойыңыз;
  • Металл әшекейлер мен аксессуарлардан бас тартыңыз.

Табиғат аясында қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

Ашық далада немесе орманда жүргенде:

  • Жалғыз тұрған биік ағаштардың астына жасырынбаңыз;
  • Жердің төмен тұсына – шұңқыр не ойпаң жерге тығыныңыз;
  • Өзен, көл сынды су айдындарынан аулақ болыңыз.

«Найзағай кезінде адам өмірі қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Сондықтан әр азамат өзін және жақындарын қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі және орындауы керек», – делінген ҚР ТЖМ мәлімдемесінде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар