Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1,2 миллион теңгеге кереует: Қызылорда ауруханасындағы бас бухгалтерге қатысты үкім шықты

1,2 миллион теңгеге кереует: Қызылорда ауруханасындағы бас бухгалтерге қатысты үкім шықты
Сурет: point.md/ru
Қызылорда ауруханасының бас бухгалтері аса рі көлемде ұрлық жасағаны үшін бірнеше жылға сотталды.

Қызылордада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде ұрлық жасады деген іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтері қызметін атқарған М. азаматтық әйелі У. және туған бауыры Ж.-мен бірігіп, ауруханаға медициналық кереуеттерді сатып алу кезінде аса ірі көлемде қаражатты жымқырған. Нәтижесінде мемлекетке 157 696 000 теңге көлемінде залал келтірілген.

"Сотта кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға қажетті талаптар орындалғаны, қылмыспен келтірілген залалдың өтелгені анықталды. Сот үкімімен айыпталушылар М.,У. және Ж.Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету") кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оларға 6 жыл бойы белгілі бір лауазымдарды атқаруға және белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды", – делінген сот хабарламасында.

Айыпталушыларға 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айыру жазасы шартты жаза ретінде белгіленіп, сынақ мерзімі тағайындалды", – деп қосты Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биыл шілдеде Қызылордада жұқпалы аурулар ауруханасының бас бухгалтері аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар