Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс сотқа жіберілді
Сурет: ашық дереккөздерден
Облыс прокуратурасы Хасан Қасымбаевтың ісін қарау үшін аудандық сотқа жіберді.

Алматы облысында тергеу аяқталып, Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Хасан Қасымбаевқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, 21 шілдеде істі айыптау актісімен бірге облыстық прокуратураға жолдады.

Облыс прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салсақ, 4 қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдіріп, 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар