Басты жаңалықтар
Қосшыда бес жастағы бала су арнасына құлап, қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 тамыз, 2025
- 465
Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған.
Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 3 тамыз күні болған, – деп хабарлайды Kyn.kz сайты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған. Бала киіммен болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.
Айта кетейік, «Нұра–Есіл» су арнасы — Нұра өзенінен Есілге су жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар гидронысан. Бұл канал елорда мен маңайындағы аумақтарды сумен қамтуға қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- авторkyn.kz
- 31 қаңтар, 2026




