Шерзат Полаттың өлімі: 7 жылға сотталған Дидар Қалиахметтің әйелі бірнеше адамға несие алдыртып, төлемей жүр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:26
- 27

Марқұм Шерзат Полаттың өлімі үшін жеті жылға сотталған Дидар Қалиахметтің әйелі Балауса Еркінқызы бірнеше адамға несие алдыртып, қайтармай жүр, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай бағдарламасында шықты. Талғар қаласының тұрғындары журналисттен көмек сұрап хабарласқан.
Олардың айтуынша, бәрі Балаусаға сеніп қалған. Банктен несие алып беру арқылы үстінен пайда көреміз деп ойлаған. Бірақ несиені уақытынан бұрын төлеймін деген ол қашып жүрген сыңайлы.
«Балауса Еркінқызына екі миллион теңге несие алып бергемін. Несиені осыдан 4 ай бұрын алып бердім. Маған «3 айда немесе алты айда толық жауып тастаймын» деп алдырған. Түгел жаппақ түгелі ай сайынғы төлемін де төлемей отыр. Қазір ай сайынғы төлемін өзім төлеп жатырмын. Маған «2 млн теңге несие алып берсең үстінен 500 жүз мың теңге қосып беремін» деді. Мен өзім жеңгеме беретін 500 мың теңге қарызым бар еді, сондықтан, «жарайды» деп келістім. Қазір ай сайын сайынғы төлемді толық өзім төлеп жатырмын. Балауса телефонға жауап бермейді», - дейді онымен аттас Балаусе есімді келіншек.
Айтуынша, Балаусаның тұрақты жұмысы жоқ. Оның Дидар Қалтахметтің әйелі екенін білмеген.
«Оның тұрақты жұмысы жоқ. Ал мен үйде отырып, балалардлың киім-кешегін сатамын, бұған дейін алтын бұйымдар саттым. Сонда Балауса менен қарыз алып, артынан қайтарып беріп отыратын. Сенімге кірді. Сондықтан бұл жолы да несие алып бердім. Араға жарты жыл салып тағы да сұраған соң алып берген едім. Бірақ, ол кезде Дидар Қалиахметтің әйелі екенін білген жоқпын», - дейді кейіпкер.
Балауса Еркінқызына алдандым деген тағы бірнеше адам бар. Соның бірі – Дарын есімді жас жігіт оған 6-7 миллион теңге көлемінде қарыз берген.
«Оны көрмегеніме үш жылдай болды. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары мен телефон нөміріне «ақшаны пайызбен қайтарамын» деген жарнама берген. Бірінші рет ақша бергенде пайызбен қайтарды. Мен пайызбен ақша алу заңсыз екенін білген жоқпын, тек кейін Балаусаның үстінен е-өтініш арқылы арыз түсірген кезде полиция оның заңсыз екенін айтты. Бір банктен 2 068 000 теңге несие алып бердім, екінші банктен бөліп төлеу арқылы 1,5 млн теңге несие алып бердім. Өзімнің берген 2,5 млн теңге ақшам бар», - дейді ол.
Артынша, жәбірленушілер жиналып Балауса Еркінқызының ата-енесінің үйіне барған. Алайда үлкен енесі оның өз қайын жұртына кеткенін айтты.