Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қайда жерленетіні белгілі болды

Ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қайда жерленетіні белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Талғат Мұсабаевтың жерлеу рәсімі 6 тамызда өтеді.

Ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаевтың қайда жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун министрлер кабинетінде өткен брифингте   айтты.

Сөзінше, ертең, 6 тамызда Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтеді.

"Рәсім Алматыда сағат 09:00-де Зенков көшесі, 24 мекенжайында – Әскери мәжіліс үйінде өтеді. Қазіргі уақытта министр іссапарда, ол сол уақытқа дейін оралып, қоштасу шарасына қатысуды жоспарлап отыр", - деді ол.

Еске салсақ, 5 тамызда қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев қаза болғаны туралы қаралы хабар шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкердің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар