«38-40°С-қа дейін»: 6 тамызға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2025
- 382
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, найзағай ойнайды. Бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, ал кей аймақтарда шаңды дауылдар соғады.
Астанада, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай мен желдің күшеюі мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Атырау мен Маңғыстауда ауа температурасы 38-40°С-қа дейін жетуі мүмкін.
Таулы аймақтарда – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай облыстарында жауын-шашын мен найзағай болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні 15-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе таулы және дала аймақтарында абай болуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025
Жаңа жылда ет бағасы өсе ме?: Ауыл шаруашылығы министрі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2025




