Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Денесін Жайық өзеніне лақтырған»: Атырауда ер адам сыбайласымен бірігіп, бұрынғы сүйіктісін өлтірген

«Денесін Жайық өзеніне лақтырған»: Атырауда ер адам сыбайласымен бірігіп, бұрынғы сүйіктісін өлтірген
Сурет: azh.kz
Атырауда атышулы іс қаралып жатыр.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, қызды өз танысы мен оның сыбайласы өлтіріп, мәйітін Жайық өзеніне тастаған. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметіне сай, бұл ауыр қылмыс алдын ала жоспарланып, аса қатыгездікпен жасалған. Қылмыстық жауапкершілікке Құрманғазы ауданынан шыққан екі жігіт тартылып отыр: 24 жастағы инженер Х. және 25 жастағы электрик К.

Яна мен Х. Атыраудағы мұнай және газ университетінде танысқан. Екеуінің арасында махаббат пайда болған, алайда Х. өзінің тұрақты сүйіктісі барын жасырған. Қыз бұл туралы білген соң араларында жанжал шыққан. Яна Х-ның қызымен бар шындықты бөліспек болған.

Х. бұл әңгіменің ашылып қалуынан қорқып, Янаны өлтірмек болады. Ол досы К-ға 500 мың теңге ұсынып, қылмысқа серіктес болуға көндірген.

Екеуі «ВКонтакте» мессенджері арқылы кісі өлтіру жолдарын талқылаған: тұншықтыру, улау, өз-өзіне қол жұмсау етіп көрсету, балконнан итеру, суға батыру. Соңғысы – тұншықтыру әдісі таңдалған.

18 қазанда олар алғашқы әрекетін жасаған: Х. Янаны өз пәтеріне шақырып, онда К. жасырынып отырған. Олар қызға үндемеуін талап етіп, қорқытқан, бірақ сол күні іске аспаған. Түнде жанжал қайта күшейіп, олар қылмысты жүзеге асырған.

Х. қызды автокөлікте тұншықтырып өлтіріп, К.-мен бірге мүрдені Жайық өзеніне тастап жіберген. Қылмыстан кейін олар қалаға қайтып келіп, барға барған.

2025 жылдың 20 маусымында Жайық жағалауынан адам сүйектері табылып, сараптама олардың Янаға тиесілі екенін растаған. Қыздың анасы оны Батыс Қазақстан облысындағы туған жерінде жерледі. Өлім себебін сүйектердің шіріп кетуіне байланысты нақты анықтау мүмкін болмаған, алайда өлімнен кейінгі жарақат белгілері тіркелген.

Х. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы («Топпен алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру») және 188-бап 2-бөлімі 1-тармағы («Ұрлық») бойынша айыпталып отыр.

К. – сол баптардың 7 және 8-тармақтары бойынша («Тапсырыспен кісі өлтіру») айыпталуда.

Яна Легкодимова 2001 жылы 31 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево ауылында дүниеге келген. Мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Атыраудағы Мұнай және газ университетіне грантпен оқуға түскен. Кейін магистратураны аяқтап, Атырау геология-барлау ғылыми-зерттеу институтында маман болып жұмыс істей бастаған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар