
Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі Офицерлер үйінде өтіп жатыр.
Бүгін Алматыда ғарышкер және мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мұсабаевпен қоштасуға оның туыстары, әріптестері, достары келді. Және депутаттар, журналистер, белсенділер мен қоғам қайраткерлері бар. Қоштасу Офицерлер үйінде өтіп жатыр.
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әскери қарауыл қойылған. Олар марқұмды шығарып салу рәсімінде Талғат Мұсабаевтың рухына соңғы рет құрмет көрсетеді.
Ол 4 тамызда 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбеде төбелес салдарынан жасөспірім көру қабілетінен айырылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025
Қоғам
11 адам сотталды: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025