Қоғам
Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полицияның өзі де таяқ жеп қалды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2025
- 205

Алматыда жігіттер жаға ұстасып, оны ажыратпақ болған полиция қызметкерінің өзіне де жұдырық тиді.
Алматыда төбелесіп жатқандарды ажыратпақ болған полицияның өзі де соққы алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап.
“Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелескен. Жігіттердің жаға ұстасқан сәті видеоға түсіп қалған.
“Театралкаға” келген қонақтары арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған.
“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ақтөбеде төбелес салдарынан жасөспірім көру қабілетінен айырылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025
Қоғам
11 адам сотталды: Прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2025