Балқашта ер адам 8 жасар баланы ұрды: таяқ жеген ұлдың әпкесі өз нұсқасын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2025
- 149

Балқашта 8 жасар ұлды аяусыз ұрды деп айыпталған Алмас Басымбековтың әйелі, баланың әпкесі Нәсіпгүл Айдынова оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, 8 жасар баланы анасы демалыс сайын тәтесінің үйіне жіберетін көрінеді.
«Мен Алмас Басымбековтың жұбайымын, сегіз жасар Ерболат есімді баланың тәтесімін. Ол менің туған ағамның баласы. Баланы әр демалыста анасы бізге жібереді. Баланы атасына жіберемін деп айтқанымен, әкем 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалады. Ол жазбасында біздің ескі мекенжай көрсеткен, біз ол үйден үш жыл бұрын көшіп кеткенбіз. Бұл анасы баласының қай жерде жүргенін де білмейді деуге болады. Біздің өзіміздің екі баламыз бар», - дейді ол.
Әйел күйеуінің бұл балаға да туған ұлындай қарайтынын айтады. Сол күні ол жұмыста болған. Ал ер адам үйде үш балаға қарап қалған. Бірақ кіші ұлын ұйықтатар кезінде 8 жасар бала мен қызына планшет беріп, басқа бөлмеге жіберген. Сөйтіп қызына қарай келе жатқанда сұмдық жағдайды көріпті.
«Қызымыз жерде іш киімсіз жатқан, ал Ерболат киімін шешіп тастап оның үстіне шығып алған. Кәдімгі ересектер арасындағы жыныстық қатынасқа ұқсас көрініс болған. Күйеуім шошып кеткен. Бірден Ерболатты итеріп жіберіп, қан немесе басқа жарақат бар ма деп қызымызды тексере бастаған. тексерген. «Не істедің?» деп сұрағанда Ерболат таңғалдырарлық жауап айтқан. Сол кезде күйеуім өз-өзіне ие бола алмай, аффект күйінде оны ұрып жіберген. Кейін маған хабарласып, болған жағдайды айтты», - дейді ол.
Әйел баланың анасы жалған ақпарат таратып жатқанын айтып, көпшілікке үндеу тастады.
«Баламның денесін күйдіріп, саусақтарын сындырған дейді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Күйеуім қазір тергеу изоляторында. Қызымыздың психикасы бұзылды. Біз шындық үшін күресеміз. Күйеуім жауапкершіліктен қашпайды, бірақ бұл оқиғаны бұрмалап жүрген әйел де жауап беруі тиіс деп санаймын», - деді Ерболаттың әпкесі.
Еске салсақ, Балқашта 8 жастағы баланы «Қазақмыс» компаниясының қызметкері аяусыз ұрғаны туралы ақпарат шыққан болатын. Ол тергеу изоляторына қамалды. Баланың анасы әлеуметтік желіде халықтан көмек сұрап, ақша жинаған еді.