Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әурет жерін ұстаған»: ер адам бұрынғы қайын атасын қызына азғындық көрсетіп жүр деп айыптады

«Әурет жерін ұстаған»: ер адам бұрынғы қайын атасын қызына азғындық көрсетіп жүр деп айыптады
Сурет: ашық дереккөздерден
Ер адам нағашы атасы немересіне азғындық көрсеткенін айтты.

Белгілі қоғам белсендісі, блогер Сырым Абдрахманов бұрынғы қайын атасын 6 жасар қызына азғындық жасады деп айыптады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сырым Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, бұрынғы қайын атасы 6 жасар қызының жыныс мүшесін ұстаған. Кішкентай қыз болған жағдайды алғаш өз апасына айтқан. Олар полицияға жүгінген.

“Балалармен өз апасының үйіне бардық. Қайтып бара жатқанда анам қызымнан біреу ренжітпеді ме деп сұрады. Сол кезде ол нағашы атасының  белден төмен әурет жерін ұстағанын айтқан. Ол менің бұрынғы әйелімнің әкесі. Бұл туралы айту маған өте қиын. Бірақ айтуға мәжбүрмін”, – дейді Сырым Абдрахманов.

Сол күні-ақ олар полицияға хабар берген.

“27 шілде күні бұрнығы әйелімнің әкесіне қатысты қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлімі бойынша (Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) іс қозғалды”, – дейді жәбірленуші қыздың әкесі.

Алайда ол қызының әлі де нағашы атасының үйінде тұрып жатқанын және оның бостандықта жүргенін айтты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар