Қоғам
1949-2010 жылғыларға 70 000 теңге төленіп жатыр: Еңбек министрлігі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 тамыз, 2025
- 1.9k

Еңбек министрлігі желіде тарап жатқан “70 мың теңгеден төленеді” деген ақпаратты жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949-2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 000 теңге төленіп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз», - деп жазылған шұғыл ақпаратта.
Қазақстандықтарды ресми СМС-хабарламалардан басқа келген сілтемені ашуға болмайтыны ескертілді.
“Сол сілтеме өткен адамдардың жеке мәліметтері алаяқтардың қолуына түсуі мүмкін. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады”, - деп хабарлап отыр министрлік.
Келесі мақала
Елімізде жаңа мерекелер тізімі пайда болды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ғалымдар кешкі асты қай уақытта ішкен дұрыс екенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қыркүйек, 2025