Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әрқайсысынан 11 796 теңгеден": Атырауда 80 жастағы қария 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

"Әрқайсысынан 11 796 теңгеден": Атырауда 80 жастағы қария 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды
Сурет: 365info.kz
Атырауда зейнеткерге әр баласы ай сайын 11 796 теңге алимент төлейтін болды.

Атырауда 80 жастағы қария 8 баласы мен бір немересін сотқа беріп, алимент өндіріп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зейнеткер он жылдан астам уақыттан бері жалғыз тұрып келе жатқанын және туыстарының көмегіне мұқтаж екенін айтып, сотқа жүгінген. Қартты тек бір ұлы ғана қарайды екен.

"Атырау қалалық соты тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын зерттей келе, талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін оның 8 баласы мен бір немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді", – делінген хабарламада.

Анықтама: 2025 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 3 932 теңге. Демек, әр айыпталушыдан 11 796 теңгеден өндірілмек.

Құқықтық негіз: ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 145-бабы 1-тармағына сәйкес, кәмелет жасқа толған, еңбекке қабілетті балалар қартайған және көмекке мұқтаж ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Егер ондай көмек көрсетілмесе, ата-әжелер сот арқылы жұмысқа жарамды немерелерінен де алимент өндіре алады (153-бап).

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар