Саясат
Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 тамыз, 2025
- 692
Пара алу күдігіне ілінген көлік вице-министрі қызметінен босатылды.
Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Вице-министр Сәтжан Аблалиевтің пара алып жатқан жерде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
"ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.
ҰҚК көлік вице-министрінің ұсталған сәті түсірілген видеосын жариялады. Кадрларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып, кейін оның үйінде тінту жүргізіп жатқаны көрінеді. Тергеу барысында вазадан ірі көлемде қолма-қол ақша тәркіленген.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің филиалын құруды ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025
Саясат
«Қош келдіңі»: Тоқаевты Токио губернаторы қазақ тілінде қарсы алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2025




