4 жасар баланы тұншықтырған: Алматыдағы балабақшаның тәрбиеленушісі сотта жылап, кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2025
- 484
Алматыдағы жеке балабақшалардың бірінде 4 жасар баланы тұншықтырды деп айыпталған тәрбиешіге қатысты сот отырысы басталды. Сотта сөйлеген айыпталушы көз жасына ерік берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Балабақша қызметкері өзінің балаға зиян келтіру ниеті болмағанын айтты. Ол эмоциясын тежей алмай, сотта жылады. Кейіннен 4 жасар бүлдіршіннің әкесінен кешірім сұрады.
Білім басқармасы бұл балабақшаның мемлекеттік қаржыландыру алмайтынын және Ұлттық деректер базасында тіркелмегенін хабарлады.
Балаға азап көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер тәрбиешінің кінәсі дәлелденетін болса, ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, оқиға осы жылдың ақпан айында болған. Жеке балабақшадағы бейнебақылау камерасында әйелдің баланың аузын жауып, тыныс алуына мүмкіндік бермегені анық көрінеді. 4 жастағы ұл тәрбиешінің қолынан босануға тырысады, бірақ ол оны аяғынан ұстап алады. Мұның бәрі өзге қызметкерлердің көз алдында болғанымен, ешкім әріптесін тоқтатуға тырыспаған.
Доллар бағамы 573 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жүргізуші үстінен жағымсыз иіс шыққан кейуананы автобустан түсіріп жіберген
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




