“Ең жаманы көңіл қалу…”: Мереке Қалбаева жеке өміріне қатысты шындықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:39
- 50

Блогер, актриса Мереке Қалбаева желідегі парақшасында жеке өмірі туралы жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол қазір жеке өміріне қатысты ешнәрсе айтқысы келмейтінін, бірақ уақыты келгенде бәрі белгілі болатынын айтты.
”Адам адамды қашан түсінеді? Өзінің басына түскенде ғана… Оған дейін ақыл айту оңай! Ең жаманы көңіл қалу…
Уақытты артқа қайтара алмайсың. Дәл қазіргі сәтті бағалау керек. Әр бала бақытты болуға лайықты.
Бізді уайымдап жан-жақтан жақындарымыз хабарласып жатыр… Мен қазір ештеңе айтқым келмейді. Уақыты келеді. Қазір тек мақсатыма жету, жоспар бойынша жұмыстарыма кірісу. Менсіз де проблемаларың жетеді ғой. Бәрімізге Алла жар болсыншы”,- деп жазды блогер.
Еске салсақ, бұған дейін Мереке Қалбаева желідегі парақшасында күйеуімен түскен барлық суреттерді өшіріп, жазба қалдырған болатын.