Қоғам
Сорбұлақтағы ұшақ апаты: үшінші ұшқыштың денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 тамыз, 2025
- 870
Алматы облысында құлаған тікұшақтағы үшінші ұшқыштың мәйіті табылды.
Сорбұлақ көлінде апатқа ұшыраған тікұшақтағы үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі.
"12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат", - делінген хабарламада.
Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




