Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Салоннан алған көлік бұзылаберді»: қазақстандықтар Қытай көліктеріне шағымдануда

«Салоннан алған көлік бұзылаберді»: қазақстандықтар Қытай көліктеріне шағымдануда
Сурет: avtocod.ru
Алаяқтардың құрбаны болған көлік жүргізушілер полицияға шағымданды.

Алматы, Астана және Шымкенттен келген 16 жүргізуші алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Олар интернеттегі жарнамаға сеніп, алғашқы төлем жасап, көлікті кейіннен сатып алу құқығымен жалға алмақ болған. Алайда көп ұзамай олардың су жаңа көлігін сот орындаушы тәркілеген. Өйткені көліктер банк кепілдігінде болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Көлікті боламын деп жүріп алданып қалған қазақстандықардың айтуынша, жеке меншік иесі оларға жаңа көліктерді тиімді бағамен әрі бөлеу шартымен сатуға уәде еткен. Оған сеніп қалғандар ақшасыз да, көліксіз де қалып отыр.

"Жұмыстан қайтып келе жатыр едім көлігім өшіп қалды. Сол жерге компания өкілдері мен сот орындаушылары келді. Сөйтсем көлікке GPS орнатылған екен. Сол арқылы көріп отырған. Көлігімді алып кетті. Директорға жазып, ақшамды қайтаруды талап еттім, ешқайдай нәтиже жоқ", – дейді Берік Асанұлы.

Сөйтсе сатушы банкке қомақты ақша қарыз болған. Ал банктен ақша алу үшін көліктерді кепілге қойған. Бұл жайтты тұтынушылар көліктері тәркіленгеннен кейін ғана білген. Алданған сатып алушылар күдікті әлі бостандықта жүргенін және әлі де Қытай көліктерін сатып жатқанын айтады.

"Әркімнің жағдайы әртүрлі: бірі қара тізімде. Бұл көлік біреулер үшін күнкөріс көзі деуге болады. Олар бәрінен алып қойды, жалпы айтқанда жүзден астам көлік, өздеріне жинап қойып, қазіргі уақытта ешкімге бермей отыр. Ауылшаруашылығымен айналысатындықтан, көлік маған жұмысқа қажет, сондықтан маған кроссовер қажет болып еді", – дейді Мұхит Куватов.

Жүргізушілердің көбі көліктің қарызын толықтай дерлік өтеп үлгерген. Сатып алушылар ұжымдық арызбен полицияға шағымданды. Полиция алаяқтық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта "Бірнеше рет жасалған алаяқтық" бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша 16 адам жәбірленуші ретінде танылды. Дәл сонша адам ресми арызбен жүгінді.Тиісті сараптамалық зерттеу тағайындалды, соның ішінде тараптар арасында жасалған құжатты зерттеу де бар. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бұл істі толық, жан-жақты, объективті зерттеуге және қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдікті байланысқа шықпады. Қазір оның қайда жүргенін алданып қалған клиенттері де білмейді. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар