Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында 16 жастағы баланың денесі қорадан табылды

Жамбыл облысында 16 жастағы баланың денесі қорадан табылды
Сурет: Polisia.kz
Жамбыл облысында 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған.

Жамбыл облысында Байзақ ауданының Дихан ауылында 16 жастағы жасөпірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ZHEST_KZ Telegram каналы жазды. Алдын ала болжам бойынша ол қорада өз-өзіне қол жұмсаған. Оның мәйітін жұмыстан қайтқан анасы тапқан. Ауылдастарының айтуынша, бала төрт ағайындының кенжесі болған.

«Әкесі көп жыл бұрын жол апатынан көз жұмды, ағалары Астана мен Алматыда тұрады, ол анасымен бірге тұрды, биыл 11-сыныпқа баруы керек еді. Бір күн бұрын немере ағасының үйінде қонақта болған», - деп жазылған хабарламада.

Қайғылы оқиғаға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жария етілмейді», - деді полиция департаменті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар