Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Бірге шай ішіп, бірге тамақтанып жүрдік”: Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты

“Бірге шай ішіп, бірге тамақтанып жүрдік”: Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мұхамеджан Тазабек Назарбаевтың жиен немересі туралы естелігімен бөлісті.

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, марқұм Айсұлтан Назарбаевпен жақын араласқаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Жанар Байсеміздің YouTube арнасына берген сұхбатында естелігімен бөлісті.

«Меккеде, Мәдинада бірге болдық, бір бөлмеде жаттық, бір ұшақпен ұштық. Сол сапардан кейін Айсұлтан мені туған ағасындай көріп, айлар бойы бірге шай ішіп, бірге тамақтанып жүрдік», — деді Тазабек.

Ол Айсұлтанның мейірімді адам болғанын айтады.

«Өмірінің соңғы сәттерінде қасында болмағандықтан, ол кезде не болғанын айта алмаймын. Бірақ мен көрген Айсұлтан — шынайы, мейірімді жігіт», — деді айтыскер.

Айсұлтан қайтыс болып кеткеннен кейін анасы өзінен баласы жайлы естеліктер сұраған екен. Сол кезде оның қандай адам болғаны туралы айтып берген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар