Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сол махаббат маған бұйырмады»: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатын әлі де ұмытпағанын айтты

«Сол махаббат маған бұйырмады»: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатын әлі де ұмытпағанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатын еске алды.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алғашқы махаббатына не себепті қосыла алмағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, оның сөз байласқан жігіті болған. Алайда екеуі бірге бола алмаған.

“Алғашқы махаббатымды әлі ұмытқан жоқпын. Үшінші сыныпта оқып жүргенімде, бесінші сыныпта Қанат Каргузов деген бала бар еді. Өте әдемі, сондай сұлу бала болатын. Бірақ ақыры сол махаббат маған бұйырмады. Мен “Гүлдер” ансамбліне жаңадан келген кезде, ол әскерден оралды. Сол кезде маған Қабдеш деген досын жіберіпті. “Қанат сізге шұғыл келсін” деп жатыр дейді. Сонда мен “Оған бір жыл шыдасын деп жеткізші. Мен “Гүлдерге” жаңадан келдім. Кішкене болса да еңбек етейін. Сосын бір жылдан кейін жазда барамын. Үйленеміз. Бір жыл күтсін” деп сөз бердім. “Сау бол, махаббат” деп шыдамады ғой. “Кетсең де шалғай” деген әнді сол Қанатқа арнап, жылап айтқанмын. Ол кісі марқұм болып кетті”, - деді Мақпал Жүнісова “Хабар” арнасындағы  “Алғашқы” бағдарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар