АҚШ елшілігі виза талаптарына қатысты қазақстандықтарға үндеу тастады.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жариялады. Instagram желісіндегі парақшасында – азаматтарға виза талаптарын сақтау қажет екені ескертілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл ескерту визасы бар және қазір АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға арналады.
"Виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтаңыз. I-94 картасында көрсетілген мерзімнен артық қалу визаның күшін жоюға, мәжбүрлі түрде елден шығару шараларына және болашақта виза рәсімдей алмауға әкеледі", - делінген жазбада.
Елшілік өкілдері азаматтарға белгіленген мерзімнен артық жүру АҚШ-та саяхаттау, білім алу және еңбек ету мүмкіндігінен біржола айыратынын еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
28 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, найзағай ойнайды
- авторkyn.kz
- 28 наурыз, 2026
Қоғам
Мектеп психологы: Әр ата-ана өз баласының психологиясын тани білуі керек
- авторkyn.kz
- 27 наурыз, 2026




