Қоғам
"Хутор бригадасының" басшысы атанған Хасан Қасымбаевқа қатысты соттың өтетін күні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 тамыз, 2025
- 208

Хасан қасымбаевқа қатысты сот отырысы 20 тамызда өтетін болды.
Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот тыңдауларының қашан басталатыны белгілі болды. Ол бірнеше ауыр бап бойынша айыпталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Талғар аудандық сотының мәліметінше, Қасымбаев ісі бойынша алғашқы тыңдау 20 тамызда өтеді. Іс Талғар аудандық сотында қаралады.
Еске салсақ, Талғар тұрғындары "Хутор бригадасының" басшысы деп атайтын Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 5 қарашасында қамауға алынды. Полиция дерегінше, Қасымбаев 2021 жылдың маусымында Талғарда ММА жаттықтырушысын топ болып ұрлау және соққыға жығу оқиғасына қатысы болуы мүмкін.
Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың (Полат) өліміне байланысты да аталған еді.
Келесі мақала
АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда 30 қыркүйектен бастап несие беру ережелері өзгереді
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қыркүйек, 2025