Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда көшеде келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

Алматыда көшеде келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлап, қайтыс болды
Сурет: todayinfo.kz
Алматыда кофе алуға шыққан қыздың үстіне ағаш құлады.

Алматыда қыздың үстіне ағаш құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған. Марқұм жұмыстан кофе алуға шыққан. Қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырды.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растап, тергеу жұмыстарын бастады.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр», — деп хабарлады полициядан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар