Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болат өлімі: үйдің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылды

Шерзат Болат өлімі: үйдің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылды
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Прокуратура Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің тоқтағанын хабарлады.

Шерзат Болаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.

"Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсетуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды", - делінген прокуратураның жауабында.

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан еді. Бірнеше күннен кейін Шерзат Болаттың үйі 12 қазанда өртеніп кеткен болатын. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар