«5 миллион теңге төлеу туралы ескерту келген»: блогер Елікбаев салық комитетін сотта жеңгенін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:40
- 41

Белгілі қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев Мемлекеттік кірістер комитетін сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, жарты жыл бұрын бірқатар қазақстандық блогерлерге салық төлеуге қатысты ескертулер жіберілген болатын. Соның ішінде Әлішер Елікбаевқа да қазынаға 5 миллион теңге төлеу туралы ескерту келген.
«Бұл істе жеңіп шығамыз деген сенім болмады. Бірақ Дмитрий Казанцевтің командасының кәсібилігі мен олардың ұстанған қағидаларының арқасында сот бізді қолдады. Салық органдарының әрекеттері заңсыз деп танылды. Толыққанды салықтық тексеріс жүргізу туралы өтініш қанағаттандырылмады. Қарыз емес екенімді дәлелдеу үшін жарты жыл уақыт кетті, – деп жазды Алишер Елікбаев.
Еске салсақ, осыған дейін қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа салық кодексі бойынша, тик-ток және ютуб блогерлер де салық төлеуі тиіс екенін айтқан болатын.