Түркістан облысында 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкелді. Бұған дейін ол сегіз баланың анасы болған.
Дәрігерлердің айтуынша, босану жоспарлы түрде, кесарь тілігі арқылы өткен. Жаңа туған ұл балалар – Аслан, Әлихан және Әлінұрдың, сондай-ақ, ананың жағдайы тұрақты. Барлығы үйіне шығарылды. Әйел Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылында тұрады.
"Әрине, оңай болған жоқ, әсіресе менің жасымда. Бірақ сәбилерімді көрген сәтте барлық қорқынышым кетті. Ең бастысы - бәрі аман-есен", - деді Орынкүл Нурабаева.
Осылайша көпбалалы отбасында енді 11 бала бар. Үлкен қызының жасы – 26-да, ал кішісі – төртте. Бұдан бөлек, Орынкүл Нұрабаеваның бес немересі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
Қоғам
Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025




