Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Мені жалықтырды”: Мереке Қалбаева күйеуі екеуінің ренжісіп қалғанын айтты

“Мені жалықтырды”: Мереке Қалбаева күйеуі екеуінің ренжісіп қалғанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Мереке Қалбаева күйеуі Арсен туралы шындықты жайып салды.

Белгілі актриса, әрі блогер Мереке Қалбаева өзінен алты жас кіші күйеуі туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, ол Арсенге қатты ғашық болып қалған. Бұл туралы Аман Тасығанға берген сұқбатында айтты.

"Махаббат деген өте жаман нәрсе. Менде басында бір грамм да сезім болмаған. Егер ешқандай вариант болмаса, тие саламын деген жігіттер болған. Ал мен Арсенге өліп ғашық боп қалдым. Басында маған Арсен бөпе сияқты көрінді, бірақ екі-ақ сағаттың ішінде еркек екенін мойындатып тастады. Өзінің болмысымен, жаратылысымен өзін дәлелдеп тастады", – деді Мереке Қалбаева. 

Мереке Қалбаева қазіргі кезде күйеуі екеуі бөлек тұрып жатқанын айтты.

"Көп досымыз "ажырасып кеттіңдер ме?" деп сұрап жатыр. Әзірше ренжісіп қалдық. Мен өз ойлағанымды істегім келеді. Оған асыққан да, тәуекелге бару да ұнамайды. Мен үнемі тәуекелге бара беремін. Менің асығыстығым, оны жалықтырып жіберді. Ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды. Мен айттым ба, сол кезде болу керек. Бұл да менің эгоистігім мен тәкаппарлығым деп ойлаймын", – деп түйіндеді актриса.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар