Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаңбыр, бұршақ»: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Жаңбыр, бұршақ»: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: nijnevartovsk.bezformata.com
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктер дүйсенбі 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Астана, Алматы және тағы 16 облыста найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Кейбір аймақтарда тұман түсіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік және шығыс өңірлерде – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашынмен бірге бұршақ жаууы ықтимал.

Орталық пен оңтүстікте – Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында найзағай күтіледі.

Батыс өңірлерде, әсіресе Маңғыстау облысында шаңды дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар, еліміздің көп бөлігінде, әсіресе Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстарында өрт қаупі өте жоғары болып қала береді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар