Басты жаңалықтар
Енді eGov.kz арқылы оқушыны басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:33
- 30

Елімізде ата-аналар енді баласчын басқа мектепке онлайн ауыстыра алады.
Ата-аналар мен заңды өкілдер енді балаларын бір мектептен екінші мектепке онлайн режимде, eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Бұл қызмет тұрғылықты мекенжай бойынша да, басқа аудандардағы мектептерге де қолжетімді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
- Есептен шығару және бекіту талондары қажет емес;
- Баланың жеке ісін қағаз түрінде мектепке тапсыру талап етілмейді;
- Өтініш беруші оқу тілін бірден таңдай алады;
- Қажет болған жағдайда өтінішті қайтарып алуға мүмкіндік бар.
Қызметті қалай алуға болады?
- eGov.kz порталына тіркеліңіз;
- «Білім» → «Орта білім» бөлімінен «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдаңыз;
- Өтініш өрістерін толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
- Нәтижені Жеке кабинеттен қадағалаңыз.
Жаңа онлайн сервис ата-аналарға мектеп ауыстыру процесін жеңілдетіп, уақыт пен қағазбастылықты азайтады.
Келесі мақала
Руслан Берденов сотқа онлайн қатысатыны белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Тарихи саммит: Тоқаев Аляскадағы кездесуге қатысты пікір білдірді
- авторkyn.kz
- 16 тамыз, 2025