
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыпталған Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін сотта Руслан Берденовтен жауап алынады. Өткен сот отырысында судья Берденовті сотқа шақыртқан. Оның өзі процеске қатысып жатқан жоқ.
Адвокаттары оның ем алып жатқанын айтқан. Іс бойынша күдікті Ернар Жиембайдың қорғаушылары оны сотқа шақыруды, қоятын сұрақтары барын айтқан.
Кейінгі мәлімет бойынша, Берденов сотқа онлайн қатысатыны белгілі болды. Бұл жөнінде оның заңды өкілі Жеңіс Тыныбек айтты.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот оның жеке өзі немесе онлайн форматта отырысқа қатысуын талап етті.