“Зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП туады”: блогер көпшіліктің ашуын туғызды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:25
- 43

Белгілі блогер, маркетолог Ақсұлтан Қалиев зинақорлық туралы айтып, сынға ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Threads желісінде жазды. Бірақ оның сырқат балаларды да сөз еткені көпшіліктің ашуын тудырды.
“Зинаны тоқтатпасақ ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ”, – деп жазды блогер.
Алайда көп ұзамай блогер жазбасын өшіріп тастаған. Дегенмен скрин таралып кетті. Желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырып, блогерге ашуланды.
“ДЦП-мен ауыратын бала – ата-анасы жасаған зинаның жазасы” деген пікір емес сорақысы, “ауру бала – әлдебір күнәнің өтеуі, Алладан келген жаза” деген ой. Зина туралы пікірі өзіне, бірақ сырқат балалар туралы ойы – нағыз надандық” деп жазды желі қолданушылардың бірі.
Көпшіліктің ашуын көрген блогер ойын дұрыс жеткізбегенін айтты.
“Бұл саланың ақ пен қарасын, әрбір ата-ананың жағдайын білеміз. Жеке біреудің басына бір ауыр сөз айту ойда жоқ, контекстты бұра бермеңдерші өтініш. Зина жасаған қауымға Алланың мейірімі түспейді.Зина жайылған елде аурулар мен бұрын болмаған бәлелер пайда болады деген пайымда жазылған ой еді. Қай бір халық ішінде зина ашық жайылса, олардың ішінде бұрынғы өткен адамдарда болмаған жаңа аурулар пайда болады" Зина – жалпы дерт. Салдары барлығына тиетін. Ата-ана жасағанының салдары деген пайым емес, ағайын. “Жер сілкінсе де жалпыға жасалған ескерту” деген сияқты логикадан. Бір адам жол салатын ақшаны жеп қойса барлық көшенің адамдарына зиян деген логикада. Оны бұрып СРОД - ата-аналарын ренжітетіндей бұрмаңыздар! Ол кісілердің Threads-сыз-ақ уайымы көп”, – деді блогер.