“Мен оны мүлде танымаймын”: сотта Руслан Берденов Жиембайдың айтқандарын жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:01
- 29

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі болып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотта Руслан Берденов Ернар Жиенбайдың әйелі Луиза Алданованы мүлде танымайтынын және онымен жеке қарым-қатынасы жоқ екенін айтты. Ол өзіне жасалған қастандықты өзінің қызметтік жұмысына қатысты екенін жеткізді.
«Ешқандай лайк, пікір болған жоқ, мен оны мүлде танымаймын. Оны полиграф арқылы растай аламын», – деді Берденов.
Ол Жиембаймен қатты таныстығы жоқ екенін, небәрі үш рет қана – әкімдіктегі жиындарда көргенін айтты. Сондай-ақ, күдікті әйелінің ағасы арқылы одан "кешірім" сұрамақ болған. Мұны Берденов өзіне қысым көрсету деп болжаған.
Сотта Ернар Жиембай да, оның әкесі де жәбірленуші Руслан Берденовтен кешірім сұрады.
Ұқсас жаңалықтар
Челах мерзімінен бұрын бостандыққы шығуы мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 тамыз, 2025
Тарихи саммит: Тоқаев Аляскадағы кездесуге қатысты пікір білдірді
- авторkyn.kz
- 16 тамыз, 2025