Руслан Берденовке оқ атты: Ернар Жиембай өзіне тағылған айыпты толық мойындамады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:37
- 71

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыпталған Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр. Ол айыпты ішінара мойындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ернар Жиембай сот жарыссөзінде өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол “Адам өлтіруге ниетім болған жоқ” деді.
Жиембай осыған дейін сотта айтқан сөздерінде қалатынын айтты.
Құрметті сот, мені ҚК 25-бабына сәйкес, аяқталған қылмыс ретінде саралауыңызды сұраймын. ҚК 106-бабымен үкім шығаруыңызды сұраймын, - деді ол.
Жиембай істеген ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор сотталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ернар Жиембайға қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.