Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жақында үйленген, келіншегі жүкті: Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Жақында үйленген, келіншегі жүкті: Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер көз жұмды
Сурет: batyr_bloger
Төбелес кезінде фельдшерге оқ тиіп, қаза тапты.

Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшып, қайтыс болды. Ол жақында ғана үйленген. Артында жүкті келіншегі қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы batyr_bloger парақшасында жариялады.

Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні болған. Сол күні досының тойы болған. Тойдан кейін бірнеше адамның арасында топтық төбелес шығып, достары үйінде демалып жатқан Азамат Асылбекұлын көмекке шақырған. Төбелес басылмай жатып қақтығыс барысында оқ атылып,  жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

“Қайтыс болған жігіт 23 жаста, Атырау қаласының тумасы, ауруханада фельдшер болып жұмыс істеген. Бұл төбелеске оны достары шақырған. Ол қандай достар? Ондайларды дос демейді. Бар болғаны кеше ғана үйленген 23 жастағы жігіт еді ғой”, - деп жазды ол. 

Сондай-ақ, блогер ер азаматтарға төбелес ұйымдастырмай, әркім шаруасын өзі шешуді ұсынды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар