«Өлтіру ниетім болмаған»: Берденовке қастандық жасаған сотталушы үкіммен келіспейтінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:02
- 52

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасағаны үшін сотталған Ернар Жиембай сот үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотталушы Берденовты өлтіру ниеті болмағанын айтты.
"Үкіммен келіспеймін. Өлтіру ниетім болмаған. Мұны Руслан Арыстанбекұлының қорқыныштан айтып жатқан сандырағы деп ойлаймын. Егер өлтіретін болсам, ол кісіні жібермес едім. Сот үкімі адам өлтіру ниетінсіз, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша деп күттім", - дейді сотталушы.
Ол келіншегі туралы ешнәрсе демейтінін және аппеляциялық шағым түсіру жоспары бар ма, жоқ па оны әзірге айтпады.
“Әзірге нақты айта алмаймын. Келіншегім туралы ештеңе айтпаймын. Берденовке ота жасалғалы жатыр екен. Оны қазір айтып, қан қысымын көтергім келмейді. Негізі ол кісі мені бірінші шақырды. Себепсізден себепсіз дөрекілік танытты. “Ақымақсың, шашың түсіп қалған” деп айтып, жағама жармасты. Бұл сөзді оның көмекшісі, құрылыс бөлімінің бастығы да растады. Берденов бөлім бастығына: "Жиембайды менің көмекшіммен дөрекі қылық көрсеткені үшін түрмеге тоғытамын" деп айтты. Ал сіздер оған мән бермедіңіздер”, – деді сотталушы.
Сонымен қатар Ернар Жиембай оны кездесуге бірінші Берденовтің өзі шақырғанын және дөрекілік танытқанын айтты.