Абай облысында жүргізуші балаларды қағып кетті: елордалық дәрігерлер балалардың жағдайы туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:29
- 65

Абай облысында болған жол апатынан зардап шеккен балалар Астанаға арнайы санитарлық авиация бортымен жеткізілді — елордалық дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, екі бала санитарлық авиация арқылы №2 КҚБА-ға жеткізілді. Олар қазір жансақтау бөлімінде мамандардың бақылауына алынған.
"Балалар ауыр аралас жарақат, көптеген сынық пен травматикалық шок алған. Оларға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, қажетті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Жағдай дәрігерлердің бақылауында, деп қосты баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында жүргізуші үйдің ауласында ойнап отырған балаларды қағып кетті. Үш бала көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген еді.