Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
Сурет: ашық дереккөздерден
«Хутор» қылмыстық құрамының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды.

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.

Төрағалық етуші судья Айнагүл Тұқыбаева сот отырысына БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат берді. Алайда жәбірленушілер мен айыпталушыларды және басқа да сот процесіне қатысушыларды түсіруге тыйым салды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Полиция мәліметінше, азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар