
Көкшетауда жартылай марафон кезінде әйел көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
23 тамыз күні өткен «Көкшетау шамдары» жартылай марафон кезінде бес шақырымдық қашықтықты жүгіріп келе жатқан 35 жастағы әйелдің жағдайы нашарлаған. Жедел жәрдем келгенше әйелге алғашқы көмек көрсетілген. Олар келгенше әйелдің талмасы ұстап, жүрегі тоқтап қалған. Оған шұғыл көмек көрсетіліп, көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілген. Ауруханада да жүрек соғысы қайта тоқтап, науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.
24 тамыз күні таңғы сағат 05:45-те әйел көз жұмған.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, оның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады екен.
«Марафонға тіркелу кезінде барлық қатысушы өздерінің жарысқа физикалық тұрғыдан дайын екенін және денсаулығына толық жауапты екенін растайтын қолхатқа қол қояды. Бұл – әлемдік тәжірибеде осындай марафондарда қабылданған талап. Марафон басталған күні үш нүктеде медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетуге дайын тұрды. Жүгіру бағыттары полиция және жедел жәрдем қызметімен алдын ала мұқият пысықталды», — деді басқарма өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада автобус жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 тамыз, 2025