Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-да ер адам алты жасар қызды зорлады: сол күні анасымен бірге ішімдік ішкен

БҚО-да ер адам алты жасар қызды зорлады: сол күні анасымен бірге ішімдік ішкен
Сурет: газета.ру
32 жастағы ер адам әйелмен ішімдік ішіп, оның қызын зорлап кетті.

Батыс Қазақстан облысында алты жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды, деп агенттігі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 22 тамыз күні кешкісін Тасқала ауылында болған. Анасы қызының жоғалғаны туралы полицияға сағат 21:20-да хабарлаған. Іздеу жұмыстары кезінде бүлдіршін ауыл шетіндегі қамыстың арасынан ес-түссіз күйінде табылды.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 тамызда күдікті ұсталды. Ол кәмелетке толмаған баланың қай жерде екенін көрсетті. Қыз ауыл шетінен тірі табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жалғызбасты әйел сол күні күдіктімен бірге ішімдік ішкен. Алты жасар қыз ауыр халде Орал қаласындағы ауруханада жатыр, оған операция жасалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар