Қоғам
Астанада автобус жол апатына ұшырады: зардап шеккендер бар
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:26
- 146

Астанада автобус жол апатына ұшырап, 14 адам зардап шекті.
Астанада автобус жол апатына ұшырап, оқиға орнынан 14 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
"Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер салалық мамандардың тексеруінен өткен. Олардың басым бөлігі жеңіл жарақат алған.
Нәтижесінде олардың бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілсе, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр.