Алматы әуежайында ер адам өзіне өрт қойды: ол тұтанғыш сұйықтықпен келген (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:07
- 30

Алматы әуежайында кеңсесі орналасқан Nur Ai & Co әуе турагенттігінің басшысы Гүлмира Сәдуақасова өзіне өрт қойған ер адам туралы айтты. Бұл туралы Facebook парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ер адам өзіне кеңседе өрт қойған. Біреуге телефон шалып, рейске үлгермей қалғанын айтқан. Сөйтіп артынша үстіне бензин құя бастаған.
"Ол кеңсеге кіріп келгенде телефон сұрап, біреуге қоңырау шалған. Рейске үлгермей қалғанын айтып, ары қарай үстіне бензин құйған. Біздің агент шығып кетуге рұқсат сұраған, алайда ер адам оны шығарып жіберген. Содан өзіне өрт қойған. Қызметкеріміз – Ксенияның батылдық танытып, жедел әрекет еткені жақсы болды", – деп жазады турагенттік басшысы.
Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоның үзіндісін жариялады.
"Жігіт тұтанғыш сұйықтықпен келген. Оған не болғанын білмеймін. Ол тек телефон сұраған. Ал билетті ауыстыру туралы сөз қозғамаған. Біз оны танымаймыз, ол жай ғана клиент. Ал агент (Ксения – ред.) онымен жанжалдаспаған", – деп қосты Гүлмира Сәдуақасова.
Еске салсақ, Алматы әуежайында ер адамның өзін өртеп жібергені туралы жазған едік. Бұл туралы видео желіде тарап кетті.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өзіне өрт қойған ер адам жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық аурухағана жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын мәлімдеді. Ер адамның жағдайы ауыр.