Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Пәтерде ата-анасы болмаған»: Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

«Пәтерде ата-анасы болмаған»: Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті
Сурет: tver.today
Астанада 3 жасар бала терезеден құлап, көз жұмды.

Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 26 тамызда болған.

Астана қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, үш жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен. Оқиға кезінде пәтерде ата-анасы болмаған.

«26 тамызда үш жасар бала тұрғын үйдегі алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Құлаған кезде алған жарақаттары салдарынан бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырды. Оқиға орын алған сәтте үйде ата-анасы болмағаны анықталды. Балаға 7 жасар ағасы қарап қалған», - делінген полиция хабарламасында.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керек екенін ескертті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар