Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай облысында жүргізуші алты баланы қағып кетті: зардап шеккен қыз комада жатыр

Абай облысында жүргізуші алты баланы қағып кетті: зардап шеккен қыз комада жатыр
Сурет: astanatv.kz
Бесетерктегі зардап шеккен қыздың жағдайы белгілі болды.

Бестеректе жол апатынан зардап шеккен қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір ол Семейде ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, оның жағдайы әлі де ауыр, Астанаға жеткізу туралы әзірге сөз қозғалған жоқ.

"Науқас комада, ӨЖЖ-мен сәйкестендіру үшін медикаментозды түрде қолдау көрсетіліп отыр. Жағдайы өте ауыр, тұрақты. Динамикалық бақылауда – нашарлау жоқ. Астанаға көшіруді әзірге жоспарламаймыз. Телемедицина арқылы Астанамен тұрақты байланыстамыз", – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков.

Үржарда балаларды қағып кеткен жүргізушіге қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Апатқа кінәлі жүргізушінің көлік басқаруға тыйым салынған диагнозы болған.

"Медициналық құжаттарға сәйкес, жүргізуші 2013 жылдан бері дәрігер-невропатологтың диспансерлік есебінде "эпилепсия" диагнозымен тұр. Соған қарамастан, 2020 жылы оған B, B1, C, C1, D, D1, BE, C1E, CE, D1E, DE санаттары бойынша көлік басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі берілген", – деп мәлімдеді Абай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот материалдарды қарап, шешім қабылдады: 2020 жылы берілген жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды, жауапкерден мемлекеттік баж өндірілді. Көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім дереу күшіне енеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар