Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясы: 15 қыркүйектен бастап вакцина егу басталады

Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясы: 15 қыркүйектен бастап вакцина егу басталады
Сурет: gov.kz
15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу басталады.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаулыда тұмауға қарсы вакцинация еліміз бойынша 15 қыркүйектен басталатыны айтылған. Медициналық ұйымдар оған дайын болуы тиіс.

Астана, Алматы, Шымкент және өңір әкімдіктеріне алдағы күзгі-қысқы кезеңге медициналық, білім беру және өзге де ұйымдарды дайындау тапсырылды. Мысалы, 1 қазаннан бастап дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері міндетті түрде маска тағуы керек, ал медициналық ұйымдардың кіреберісінде "фильтрлер" мен антисептиктер орнатылуы тиіс.

Үйге барып қызмет көрсететін дәрігерлер ең алдымен ЖРВИ және Covid-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды қарауы қажет.

Балабақшаларда күн сайын таңғы фильтр жүргізіліп, ЖРВИ, тұмау және Covid-19 белгілері бар балаларды сабаққа кіргізбеу керек.

Орта білім беру ұйымдарында:

  • егер бір сыныптағы оқушылардың 20-30 пайызы бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ жұқтырған жағдайда, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесі тоқтатылады және сыныптарға 10 күн бойы жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;
  • егер бір сыныптағы оқушылардың жалпы санының 30 пайызы және одан көп адам бір инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ жұқтырса, оларды онлайн оқуға көшіру қажет.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар