Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады
Сурет: mlyn.by
Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде күн суыта бастайды.

«Қазгидромет» синоптиктері 28, 29 және 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 29 тамыздан бастап елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады, ал 30 тамызда Қазақстанның оңтүстік-шығысын тұрақсыз ауа райы қамтиды.

«Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда солтүстікте, шығыста және орталықта бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал», – деп хабарлады «Қазгидромет» синоптиктері.

Ауа температурасы:

         •        Батыс өңірде +20…+31 градус,

         •        Оңтүстік-батыста +27…+35 градус.

Айтарлықтай салқындау күтіледі:

         •        солтүстік-батыста +23…+33 градустан +15…+23 градусқа дейін,

         •        солтүстік облыстарда +30…+35 градустан +15…+23 градусқа дейін,

         •        орталықта +30…+37 градустан +18…+27 градусқа дейін,

         •        шығыста +22…+32 градустан +17…+28 градусқа дейін,

         •        оңтүстікте +30…+41 градустан +26…+35 градусқа дейін.

Оңтүстік-шығыста +33…+38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28 градус болады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар